11-қадам. Ортақ қатынасы бар қалтаны анықтау

Келесі мақсаттар үшін пайдаланылатын ортақ қатынасы бар қалтаның орналасатын жерін және атауын анықтаңыз:

Бұл ресурсқа барлық пайдаланушылар үшін оқуға ортақ қатынасу құқығы ашылады.

Сіз келесі екі нұсқаның бірін таңдай аласыз:

Ортақ қатынасы бар қалта, орнату жүзеге асырылатын құрылғыда жергілікті түрде, сондай-ақ ұйым желісінің құрамына кіретін клиент құрылғыларының кез келгенінде қашықтан орналастырылуы мүмкін. Ортақ қатынасы бар қалтаны Шолу түймесінің көмегімен немесе тиісті өрісте UNC жолын енгізу арқылы қолмен (мысалы, \\server\Share) көрсете аласыз.

Әдепкі бойынша, Kaspersky Security Center бағдарламалық құрамдастарын орнату үшін белгіленген қалтада Share жергілікті қалтасы жасалады.

Қажет болса, ортақ қатынасы бар қалтаны кейінірек анықтауға болады.

Басына оралу